Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Көптілді білім берудің ресурстық орталығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған шетелдік студенттер арасында қазақ тілінен өткізілетін
І Халықаралық олимпиада
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Сіздерді 2021 жылдың 20 ақпанынан 31 наурызына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелдік студенттер арасында қазақ тілінен өткізілетін I Халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Олимпиада ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және Көптілді білім берудің ресурстық орталығы
Олимпиаданың тақырыбы – «ТІЛДІ БІЛСЕҢ – ЕЛДІ БІЛЕСІҢ».
Олимпиада қазақ тілінің әлемдік тынысын кеңейтіп, оны үйренуді насихаттауға бағытталған.
Олимпиадаға қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетел студенттері мен қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын шетел азаматтары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысушылар қазақ тілін меңгерудің төмендегі деңгейлері бойынша өтінім бере алады:
1) 1 топ – А2 деңгейде қазақ тілінде сөйлейтін студенттер
2) 2 топ – B1 деңгейде қазақ тілінде сөйлейтін студенттер
3) 3 топ – B2 деңгейде қазақ тілінде сөйлейтін студенттер
Олимпиада онлайн форматта үш деңгейге (А2, В1, В2) сай сөйлеу әрекетінің түрлеріне құрылған тапсырмалар бойынша екі кезеңге бөлініп өткізіледі.
Олимпиадаға қатысушылар 2021 жылдың 20-27 ақпан аралығында Көптілді білім беру ресурстық орталығының http://test.linguapark.kz/ сайтында тіркеледі. Сайтта (http://test.linguapark.kz/) бірінші кезең тапсырмалары, сондай-ақ олимпиада барысы мен келесі кезең туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылады. Олимпиадаға қатысушы олимпиада жұмысының күрделілігінің үш деңгейінің (А2, В1, В2) біреуін ғана таңдауға құқылы.
Олимпиаданың І КЕЗЕҢІ 2021 жылдың 20-27 ақпан аралығында өткізіледі. Олимпиадаға қатысушы І кезеңінің тапсырмаларын белгіленген 20.02.2021ж. – 27.02.2021 ж. аралығында өзіне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.
Олимпиаданың І кезеңінде қатысушы лексика-грамматика, оқылым, жазылым бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. І кезеңнің нәтижелері 2021 жылдың 28 ақпанында Көптілді білім беру Ресурстық орталығының https://linguapark.kz/ сайтында жарияланады, ең көп балл жинаған қатысушылар жарысты ІІ кезеңде жалғастыра алады.
Олимпиаданың ІІ КЕЗЕҢІ 22.03.2021ж.-31.03.2021ж. аралығында өтеді. Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін осы мерзім ішінде (22.03.2021ж. – 31.03.2021ж.) қатысушылар «ҚАЗАҚ ЕЛІ ОСЫНДАЙ!» атты тақырыпта шығармашылық жоба ұсынуы керек. Бұл жоба бойынша екінші кезеңге өткен қатысушылар қазылар алқасына өздерін таныстырып, аталған тақырып бойынша Қазақстан туралы жасаған ұзақтығы 3-5 минуттық бейнебаян ұсынуы тиіс. Жеке бейнебаяндарды бағалау талаптары Көптілді білім беру Ресурстық орталығының веб-сайтында жарияланады.
Олимпиаданың ІІ кезең нәтижесі 2021 жылдың 3 сәуірінде жарияланады.
Олимпиада жеңімпаздары 2021 жылы 9 сәуірде Веб-конференция түрінде өткізілетін «Қазақстанға қош келдіңіз!» атты мерекелік шарада марапатталады. Бұл шараға олимпиаданың барлық қатысушылары қатыса алады. Іс-шара барысында жеңімпаздардың үздік бейнебаяндары көрсетіледі. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріліп, дайындаған ұстаздарына алғыс хат жолданады.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараттары:
Техникалық үйлестіруші: Ешимов Мұхтар Парахатұлы. E-mail: adai75@mail.ru +7701 356 88 49