Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Көптілді білім беру ресурстық орталығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған шетелдік студенттер арасында қазақ тілінен өткізілетін І Халықаралық олимпиада
Ақпараттық хат №2
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Олимпиаданың II айналымына өткен барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
Олимпиаданың II кезеңі 22.03.2021 бастап 31.03.2021 аралығында өтеді. Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін қатысушылар көрсетілген мерзім ішінде «ҚАЗАҚ ЕЛІ ОСЫНДАЙ!» атты тақырыпта шығармашылық жоба ұсынуы керек. Бұл жоба бойынша екінші кезеңге өткен қатысушылар қазылар алқасына өздерін таныстырып, аталған тақырып бойынша Қазақстан туралы кез-келген қол жетімді тәсілмен түсірілген ұзақтығы 3-5 минуттық бейнебаян ұсынуы тиіс.
Бейнербаянда қатысушылар өздерін шығармашылық тұрғыда көрсетіп, Қазақстан, қазақстандықтар, қалалар, дәстүрлер және т.б. жөнінде баяндай алуы тиіс.
Бейнебаянға қойылатын талаптар:
- Байқау тақырыбына сәйкес болу қажет;
- Бейнебаянның максималды ұзақтығы 5 минуттан аспау қажет;
- Бейне жанрын қатысушылардың өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнебаян және т.б.).
- Бейнебаянда фотосуреттер қолданылуы мүмкін.
- Шығарманың (онда пайдаланылған материалдардың) авторлық құқығының сақталуы жұмысты жіберген авторға жүктеледі.
- Бейнебаяныңызды youtube-ке немесе кез-келген басқа бұлтты деректер қоймасына (Dropbox, OneDrive, Google Drive, iCloud, Yandex. Disk, Cloud Mail.Ru) жүктеп, бейнебаянның сілтемесін adai75@mail.ru электронды поштасына өтініммен бірге жіберіңіз.
Олимпиаданың екінші айналымының нәтижелері 2021 жылдың 3 сәуірінде https://linguapark.kz сайтында жарияланады.
Олимпиаданың екінші кезеңіне қатысу үшін өтінім
Толық аты-жөні | |
Ел | |
Университет | |
Телефон нөмірі | |
Электронды пошта (E-mail) | |
Бейнебаянның аты және орналастырылған жердің сілтемесі | |